Түркістан облысында 134 өзен-көлде балық өсіріледі

Dalanews 13 мар. 2021 09:14 1233

Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл облыс аумағында орналасқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, осы жылдың 2-жарты жылдығына дейін толығымен бекітілетін болады.

Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығымен қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асатын 133 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде үш ірі кәсіпорын - Шардара ауданындағы «Хамит» СТК, Сайрам ауданындағы «Көмеш балық» ЖШС және Түлкібас ауданындағы «FIRST FISH COMPANY» ЖШС бар.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.

Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды балық өсіру саласының жоғары әлеуетін атап өтті. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде.

Айта кету керек, өңірдің тауар өндірушілері жоспарланған 1 600 тонна балық өнімінің 2020 жылы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға 2801,7 тонна балық экспорттап, жоспарды артығымен орындады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқына «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтіп, оның ішінде балық шаруашылығына да ерекше мән беруді тапсырды.

Рекомендовать
Последние новости