Түркістан: Кәсіпкерлерге Halyk Bank смартфондағы POS-терминалды ұсынады

Dalanews 10 сент. 2020 06:26 762

Түркістан облысында Halyk Bank шағын және микро-бизнес үшін смартфондарда контактісіз төлемдерді қабылдау үшін қолайлы Halyk Pos қосымшасын ұсынады. 
Онлайн төлемдер технологиясына негізделген Halyk Pos қосымшасы NFC-модулі бар Android базасындағы смартфонды қосалқы жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік береді. Ол шағын сауда-сервистік кәсіпорындар үшін арналған және контактісіз төлемдер жасауға болады. Бұл сауда-сервистік салада электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтып, сауда нүктесінде клиенттер базасын көбейтуге және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Halyk Bank Транзакциялық бизнесі департаментінің директоры Гүлсім Душатова: «Halyk Pos қосымшасы инкассацияға шығындарды қысқартуға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қабылдауға мүдделі микро және шағын бизнеске арналған. Сондай-ақ, контактісіз төлемдер қабылдау желісін кеңейту, клиенттер базасын ұлғайту және эквайринг қызметтеріне қосылуға шығындарды төмендету арқылы кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бөлшек саудада да контактісіз технологиялардың көмегімен жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу мүмкіндігіне ие болады»,- деді.
Аталған жүйе арқылы төлемдер қабылдауға қосылу үшін кәсіпкер Halyk Pos қосымшасын жүктеп, Halyk Bank-пен эквайринг шартын бекітуі керек. POS-терминалды толығымен алмастыра алатын қосымшаны орнатып, контакісіз POS-терминалдың барлық функцияларына қосымша құрылғыларсыз қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар, POS-терминалдың орнына смартфон, қосымша жабдық сатып алудың қажеті жоқ. Контактісіз төлемдер қабылдау 24/7 режімінде. Кез келген банк картасымен және смартфон арқылы төлеуге болады. Бұдан өзге, қаржылық операциялар туралы нақтыланған есеп алуға мүмкіндік бар.
Айта кетерлігі, 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін Halyk Pos қызметін қосып, 2020 жылғы 30 қарашаға дейін карталар бойынша төлемдерді комиссиясыз қабылдауға болады.Акция талаптары: 2020 жылдың 30 қарашасынв дейін Halyk Pos арқылы жасалған барлық төлемдерген 0% комиссия.
Акция жүргізілетін кезеңде жеңілдікті тариф лимиті – 1 000 000 теңге
Өз кезегінде, тұтынушылар – бөлшек бизнес клиенттері – қосымша мүмкіндіктерге ие болып, контактісіз карталар, смартфондар, тағып жүретін NFC-құрылғылар - Smart-сағат, сақина мен браслеттер арқылы қауіпсіз, жылдам және ыңғайлы төлем жүргізе алады.

Рекомендовать
Последние новости