Түркі кеңесінің бас хатшысы Пашиняннан оккупацияланған аймақты босатуды талап етті

Dalanews 30 сент. 2020 12:05 787

Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев Әзербайжан Республикасының оккупацияланған территорияларындағы әскери қақтығысқа байланысты алаңдаушылығын білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Түркі кеңесі халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын ұстанатындығын тағы бір рет білдіре отырып, Армения-Әзербайжан жанжалы Әзербайжан Республикасының егемендігі, аумақтық тұтастығы және халықаралық деңгейде мойындалған шекараларының мызғымастығы негізінде тез арада шешілуі тиіс деп есептейді", – делінген мәлімдеме.


Осыған байланысты Түркі кеңесі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1993 жылы қабылданған тиісті шешімдері негізінде Армения қарулы күштерінің Әзербайжан Республикасының оккупацияланған барлық аумақтарын жедел, сөзсіз және толықтай босатуын талап еткен екен.

"Бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты Әзербайжан халқына қайғырып көңіл айтамын. Қарулы қақтығыста жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – деді өз кезегінде Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев.

Журналист, "Президент және халық" газетінің экс-редакторы Марат Тоқашбаев қазақ халқының Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтады.

"Біз қазақ жұрты қақтығыстың дереу тоқтатылуын, халықаралық нормаларды өрескел бұзып отырған Армения жағы Таулы Қарабах пен жеті ауданды заңды иесі Әзірбайжанға қайтарып беруін талап етеміз", – дейді журналист.

Оның атап өткеніндей бұл дауға 1991 жылы нәтижесіз араағайындық жасап Қазақстан да араласқан. Соның салдарынан 1991 жылы 20 қарашада Таулы Қарабахта тәуелсіз бақылаушы миссиясымен жүрген Қазақстанның Ішкі істер министрінің орынбасары, бауырымыз, полковник Сайлау Серіков қаза тапты. Ол мінген тікұшақта 22 адам болған. Ешкім тірі қалмады. Тікұшақты армяндар атып түсірген.

 


Рекомендовать
Последние новости