Түрік инвесторлары Алматы қаласына қаржы құюға ынталы

Dalanews 28 окт. 2022 13:33 765

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бодрум мэрі Ахмет Араспен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ туризм саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды. 

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (294 млн доллар)  32,5%-ға ұлғайып, 380 млн доллардан асты. Қазақстандағы  түрік капиталының қатысуымен жұмыс істейтін компаниялардың жартысынан көбі Алматыда орналасқан.

Кездесу барысында «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бойынша туристік саланы дамытуға көп көңіл бөлінетіні атап өтілді.

Бодрумның  танымал туристік орталық ретіндегі тәжірибесі Алматы үшін пайдалы болуы мүмкін.


Кездесуге қатысушылар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Алматыда «Ахыска» этномәдени орталығы жұмыс істейді, 30-дан астам мектепте түрік тілі оқытылады, бірлескен мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар перспективалы бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаласты

Рекомендовать
Последние новости