Түпқарағандық мұғалім: «Қазақша контенттің дамуына үлес қосып жатырмын»

Dalanews 18 февр. 2021 09:51 951

Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Марат Қани «YouTube» платформасында жеке канал ашып, сабақ өткізеді. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Қанидің көрермендер саны 5 000 асқан. Басым бөлігі мұғалімдер мен оқушылар. Ол елде карантинге байланысты бейнесабақтарын жүктеп, әр оқушының сабақ орындау тәртібіне мән береді.

– Республиканың әр түкпіріндегі әріптестерімнің де керегіне жарап жатқаныма қуанамын. Күн сайын олар канал арқылы ізгі тілектерін жолдайды. Бастысы қазақша контенттің артуына тамшыдай болса да үлес қосып жатырмын деп ойлаймын, – деді Марат Қани.


Жас ұстаз биылғы оқу жылындағы ІV тоқсанды қоса алғанда барлығы 150-ге жуық сабақ дайындаған.

Рекомендовать
Последние новости