Түменде төтенше жағдай режимі енгізілді

Жарбол Кентұлы 08 апр. 2024 18:02 1815

Ресейдің Түмен облысында бүгін, яғни, 8 сәуірден бастап көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай енгізілді.


Бұған дейін Түменді су басу қаупі жоқ деп айтылып келген еді. Бірақ табиғат өз дегенін істеп бағуда.

Түмен облысының Үкіметі бүгін төтенше жағдай режимін енгізуге мәжбүр болды. Жергілікті билік орындары төтенше жағдай жоспарын жария етіп, іске кірісті.


Рекомендовать
Последние новости