Түлкібастың өнеркәсібі өркендеп келеді

Dalanews 03 нояб. 2018 14:29 773

Түлкібас аудандағы өнеркәсіптік өндіріс саласының дамуы бүгінде Түркістан облысының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. 

Өңірдегі өнеркәсіптің аудан экономикасындағы маңызы орасан зор. Жұмыспен қамтылған халықтың 11,7 пайызы осы салада қызмет етеді. Ал жалпы өңірлік өнім құрылымындағы бұл саланың үлесі 26пайызды құрайды.    Қазіргі таңда ауданда 1 ірі, 4 орта, 23 кіші және 4 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Олар негізінен тамақ өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өнімдерін және кен өндіру саласында шоғырланған.  Осы кәсіпорындар жыл басынан бері  4 миллиард 811,7 миллион теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 104,5 пайызды құрады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Түлкібас ауданында 2010-2018 жылдар аралығында жалпы құны 1 миллиард 730 миллион теңгені құрайтын төрт жоба іске асырылды.  Алдағы уақытта индустрияландыру картасы  аясында  31,3  миллиард теңгеге бағаланатын  4 жаңа жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости