Түлкібаста «Жастар жалыны» слёті өтті

Dalanews 17 нояб. 2018 05:39 501

17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай Түлкібас ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мен Түлкібас аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 2019 жыл – Жастар жылын өткізу бойынша ұсыныстар беру, ауданның жастар саясатын дамыту, бастамашыл жастарды айқындау, жастар арасында патриотизмді дамыту, дарынды, студенттерді қоғамдық өмірге тарту мақсатында «Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің І слёті өткізілді.

«Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің І слётінің спикерлері Түркістан облысы «Жас Отан» Жастар қанатының төрайымы Жұлдыз Алмазқызы, «Ауыл және жұмысшы жастар» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Асылбек Досмұхаммедұлы, Ауданымыздың ең жас әкімі, Балықты ауылдық округінің әкімі Арман Жақсылықұлы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары аумақтық штабының жетекшісі, ОҚО бойынша 2017 жылджың үздік студенті Ислам Талипұлы, «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ералыұлы жастармен еркін пікір алмасты.

Слет қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде Түлкібас ауданы студенттерінің «Резолюциясы» қабылданды.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости