Түлкібас халқы Тәуелсіздік мерекесін үлкен қуанышпен атап өтті

Dalanews 14 дек. 2018 10:11 892

Түлкібас ауданында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында салтанатты жиын болып өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, ауданның бетке ұстар заматтары қатысып, ел Тәуелсіздігінің маңызы жайында өз ойларын ортаға салды.

Жиында алдымен еліміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері жайлы бейнеролик көрсетілді. Аудан халқын аудан әкімі Н.Тұрашбеков құттықтап, егеменді еліміздің 27 жылда жеткен жетістіктері жайлы және ауданымызда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, ауданнан шыққан бір топ азаматтарды ауданның 90 жылдық медальмен марапаттады.

Мерекелік жиында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, Түлкібас аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, аудандық соттың төрағасы М.Бекназаров ыстық лебізін білдіріп, ауданның бірқатар азаматтарын мерекелік медальдермен және Алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Осылайша Тәуелсіздік мерекесін түлкібастықтар үлкен қуанышпен қарсы алды. Тәуелсіздік қазақ атын әлемге танытқан басты байлығымыз десек болады. Осы жылдары Қазақстан қарыштап дамып, әлем танитын айбарлы елге айналды.

Рекомендовать
Последние новости