Түлкібас ауданында құқық қорғау органы қызметкерлері бас қосты

Dalanews 11 июн. 2017 14:41 826

Түлкібас аудандық құқық қорғау органдарының қатысуымен аудан әкімдігінде қылмыстық істерді электронды жүйеге көшіру жобасын түсіндіру мақсатында жиын өтті.

Жиында ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде комитетінің ОҚО бойынша басқармасының басшысы А.Сапарғалиев, аға лейтенанты Н.Керимбаев қылмыс істердің электронды жүйеге ауыстырылуы жайында айтып өтті.

Олар қылмыстық істерді электронды жүйеге көшіру заман талабы екенін кеңірек түсіндіріп, бұл қылмыстық жүйені тергеу-тексеру жағындағы қиындықтарды болдырмаудың жолы екенін, жүйені білікті мамандар арқылы игеріп, қылмыстық істерді тезірек зерттеп, оң нәтижеге жете алатынын жеткізді.

Жиында аталған мәселе бойынша сұрақтар қойылып, тиянақты жауаптар берілді. Жиынды аудан басшысы Н.Ә.Тұрашбеков қорытындылап, қылмыстың алдын алу жұмыстарын бірлесіп атқаратынын жеткізді.

Рекомендовать
Последние новости