Түлкібас ауданына жыл басынан бері 8 129,1 млн. теңге инвестиция тартылған

Dalanews 27 нояб. 2018 09:14 700

Түлкібас ауданынан тартылған инвестициялар көлемі 8 129,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 88,7 пайызды құраған. Оның ішінде 1 653,5 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен тартылса, 2 752,6 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, ал қалған 3 722,7 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен инвестиция ретінде құйлды.



Түркістан облысқа тартылған инвестициядағы ауданның үлесі  3,4 пайыз көлемінде жоспарланған болса, 10 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 3,84 пайызды құрады.

Түлкібас ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында  2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 4 орта, 23 кіші және 4 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқарған. Оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны – 22, мезгілді жұмыс атқаратыны – 10 мекеме болған.

Нәтижесінде 18 775,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,8 пайызға артты. Бөлшек сауда тауар айналымы қорытындысымен 5 799,0 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,1% артқан. Осылайша ауданда экономикалық даму көрсеткіші бойынша оң нәтижелер тіркелген.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости