Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскендерге сот шешімі шықты

Сағыныш Сардарова 31 мар. 2025 20:57 911

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскендерге сот шешімі шықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтКнің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылар Н., А., Х.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды (ұсақ бұзақылық).
23 наурызда Н., А. және кәмелетке толмаған Х. Атырау қаласындағы мұз айдыны ғимаратында араб тіліндегі жазуы бар Қазақстан Республикасының туымен суретке түсіп, оны әлеуметтік желі арқылы таратып, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталған.
Құқықбұзушылардың әкімшілік құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқықбұзуышылық туралы хаттамамен, суретпен, баянатпен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен құқықбұзушылар ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылды.
Сот шешімі:
 
  • Н.-ға жауаптылығын ауырлататын мән-жайды ескере отырып (кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту; адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы), 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
  • А.-ға әкімшілік жаза ретінде 78 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
  • Кәмелетке толмаған Х.-ның заңды өкіліне әкімшілік жаза ретінде 39 320 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Рекомендовать
Последние новости