Тоқаевтың туған-туыстарына лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынады

Dalanews 16 мар. 2022 06:08 768

Президенттің туыстарына лауазымды қызметтерді атқаруына заңмен тыйым салынбақ.

Бұл туралы Мемлеке басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керек.

Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамамен тыйым салынады. Бұл норманы Конституцияда бекіту артық болмас деп ойлаймын", — деді Президент.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=6VXW0neOsX8

Рекомендовать
Последние новости