Тоқаевтың туған күніне орай ешқандай шара өтпейді

Dalanews 16 мая 2020 08:21 803

17 мамыр президент Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деген сауал жолдап жатыр.

Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді.

Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды.


Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған.

Рекомендовать
Последние новости