Тоқаевтың шетелдік банктерде қаржылық шоты жоқ

Dalanews 21 февр. 2022 09:19 894

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбукте жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген, – деді баспасөз хатшысы.

Берік Уәли Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып отырғанын, Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы, деп ойлайтынын жазған.

Рекомендовать
Последние новости