Тоқаевтың Ресейге сапары Қазақстан саясатына қалай әсер етуі мүмкін - сарапшы пікір білдірді

Қаракөз Амантай 04 мая 2024 16:29 3436

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай Ресейге барады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлімдеген еді. Осы тұста Dalanews.kz агенттігі 8-9 мамырға жоспарланған сапардың еліміз үшін қандай кемшілігі мен артықшылығы болатынын сарапшы Айбар Олжайдан сұрап көрді. Ол істің мән-жайына байланысты пікір білдірді.

Дәурен Абаев  ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мемлекет басшыларының осыған ұқсас кездесулері жиі өтіп тұратынын атап өтті.

“Біздің президенттеріміздің кездесулері жиі өтіп тұрады. Владимир Путиннің қазандағы Қазақстанға сапарынан кейін президенттеріміз екі рет – Санкт-Петербургтегі ЕАЭО және ТМД саммиттерінде және ақпанда Қазанда өткен Болашақ ойындарында кездесті. Біздің президент 8-9 мамырда Мәскеуге сапар шегуді жоспарлап отыр”, - деді Абаев.

Сонымен қатар ол Астана мен Киев арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстар туралы айтты.

“Біз оларға қауесет, жалған, тексерілмеген ақпарат ретінде қарауымыз керек”, - деді Абаев.

Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың одақтас екенін атап өтті.

Ал сарапшы Айбар Олжай еліміз бұл қадам арқылы саяси ұпай жинайтынын алға тартады.

“Менің ойымша, бұны толық саяси реверанс деуге болады. Біздің сыртқы дипломатиямыз реверансты тиімді қолданады және ол жемісін беруде. 8-9 мамыр Ресей үшін атаулы күн болса, ол жаққа барып, көңіл-ілтипат білдіруде тұрған ештеңе жоқ. Бұл жағдайда бізге Ресейге қатысты қандай да бір сыртқы саяси шешімдерде маневр жасау өте ыңғайлы болады.

Сондықтан бұл дұрыс саясат деп ойлаймын. Әрине, Қытайда немесе Америкада маңызды күн болып жатса, ол жақта да төбе көрсеткен жөн. Әр елмен достық қарым-қатынас іздей беру керек. Соның есебінен Қазақстан әркіммен сөзге келмей, сыртқы саясатта, сыртқы логистикада қиындыққа кезігіп жатқан жоқ”, - дейді сарапшы.


Рекомендовать
Последние новости