Тоқаев Халық жазушысының алдында иіліп, қалай құрмет көрсетті?

Dalanews 03 июн. 2023 07:55 957

Ақын, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушы Әзілхан Нұршайықовқа қалай құрмет көрсеткенін әңгімелеп берді.

- Қай жылы, қандай жиналыс екенін ұмыттым, Тұманбай ағама еріп барғаным есімде, Алматыдағы Жазушылар одағына Қасым-Жомарт Кемелұлы келді. Айтпақшы, әкесі Кемел Тоқаевтың сексен жылдығына арналған шараға келсе керек.

Алдыңғы қатарда отырған ақсақал жазушыларға жағалай қол беріп, амандаса бастады.

Марқұм Әзілхан Нұршайықов ағамыз орнынан тұрып, "Қасым-Жомарт, кішкентай кезіңде мен сені еңкейіп тұрып бетіңнен сүйюші едім, қазір сен биіктеп кеттің, бойым жетпей қалды..." - деді.

Сол-ақ, екен, Қасым-Жомарт Кемелұлы "Әзаға, онда енді мен еңкейіп, Сізге бетімнен сүйгізейін!" - деп, Әзілхан Нұршайықов ағамыздың алдына келіп, еңкейіп бетінен сүйгізді. Өзі де құшақтап, Әзілхан ағамыздың бетінен сүйді.


Зал толы адам еді, бәрі тебіреніп кетті, білем, орындарынан тұрып, қол соқты... - дейді Ауыт Мұқибек.

Рекомендовать
Последние новости