Тоқаев Смайыловқа алғысын білдірді

Сағыныш Сардарова 07 февр. 2024 10:58 1197

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті басқарған Әлихан Смайыловқа алғысын білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент бүгін былтырғы жұмыстарға қорытынды жасалатынын айтты. Сондай-ақ алдағы кезеңнің басты міндеттеріне тоқталатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, былтыр ел экономикасы 5,1 пайызға өскен.

"Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет.

Негізгі мақсат – баршаңызға белгілі. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз.

Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек", - деді Тоқаев.


Рекомендовать
Последние новости