Тоқаев: "Саяси өзгеріс? Мен халыққа уәде бергенмін"

Dalanews 25 сент. 2019 08:00 757



Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында сөз сөйлеген ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті жаңғыртуға келгенде сөз бен істің сай болуы маңызды екенін айтты. 




Қазақстан президент лауазымында БҰҰ ассамблеясының 74-ші сессиясында алғаш рет сөз сөйлеген Тоқаев біздің елді басты бағдары мен саяси бағдарламасы туралы баяндады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Мемлекет басшысы сөзінің әлқиссасын мемлекеттік тілде бастап, әрі қарай ағылшын тілінде жалғастырды. 



"Қазақстанның саяси жүйесіндегі менің ұстанымым – мықты президент, абыройлы парламент пен жұмысына жауапты үкімет. Осы идея біздің еліміздің негізгі талабына сай деп білемін. Бұл баянды болашаққа негіз бола алады ", – деді ол.

Бұдан бөлек қызметіне жаңа тағайындалған президент ретінде, бірінші кезекте ауқатты, бай мемлекет құруды көздейтінін айтты.

  Тоқаев бұл мақсатқа – мемлекеттік реформалардың көмегімен жетпек. 

"Реформалардың игілігін қазақстандықтарға көрсету басты мұратым. Елімізде дамыған экономика, сапалы білім және заманауи медицина болуын қамтамасыз ету.

Алайда терең саяси өзгеріс болмай, еліміздің табысты әлеуметтік-экономикалық даму тарихы болмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Саяси транформация туралы айта отыра Тоқаев елімізде демократияның енді-енді қалыптасып жатқанын тілге тиек етті. 


"Біз әркезде оны (демократияны, ред.) дамыту мүмкіндігін іздейтін боламыз. Осы бағыттағы озық  тәжірибені зерттеп, енгізіп жатырмыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрғаным соның дәлелі. Бұл кеңес билік пен қоғам арасында дәнекер болады. Мен "идеялар әртүрлі болғанмен халық бір" деген ұстанымдамын", - деді президент.

Тоқаев саяси өзгерістің шеңберінде Қазақстандағы құқық қорғау органдарын күрделі реформалар күтіп тұрғанын айтты. Сонымен бірге елдегі барлық салада және күнделікті өмірде заң үстемдігін қамтамасыз етуге уәде етті. 

"Мен құр бекер уәде бермеймін. Нақты істерді жүзеге асыруды мақсат тұтамын. Мен өз бағдарламамды бұлжытпай орындайтын боламын", - деді Мемлекет басшысы.

Рекомендовать
Последние новости