Тоқаев Назарбаевты "Самұрық-Қазынадан" қуып шықты...

Dalanews 17 нояб. 2023 07:09 1156

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті тарататын құжатқа қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

2012 жылдың 1 ақпандағы ҚР "Ұлттық әл -ауқат қоры туралы" Заңында 6-1-бап ("қорды басқару жөніндегі кеңес") алып тасталсын", - делінген құжатта.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болған. Оның міндеті Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру болды. Шындығында Назарбаевтың консультативтік-кеңесші органы арбаның бесінші дөңгелегі секілді роль атқарғаны жасырын емес.

Енді "Самұрық-Қазына" қоры атамыздың қас-қабағына қарамай жұмысын жүргізу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша Президент Тоқаев маңызды құжатқа қол қойып, "Самұрық-Қазына" қорын Назарбаевтың консультативтік-кеңесші органынан құтақарды. Енді қордың жұмысына атамыз тұмсығын тыға алмайды.


Бұған дейін Назарбаевтың соңғы лауазымы жойылғаны хабарланған еді.

Еске салайық, өткен жылы парламент Қазақстанның “Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” заңның жойылуына байланысты дауыс берген болатын. Осыдан кейін депутаттар экс-президентті барлық өкілеттіктері мен мәртебелерінен айыра бастады.

Рекомендовать
Последние новости