Тоқаев: "Назарбаева? Оған алғысымды айтамын"

Dalanews 02 мая 2020 07:49 561

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өкілеттігін тоқтатқан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваға алғыс айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Д.Н.Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін" деді Мемлекет басшысы.

На изображении может находиться: 1 человек, текст

Айта кетелік бүгін Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Айта кетелік Назарбаева Сенат төрағасы қызметіне былтырғы жылдың 2-ші қыркүйегінде сайланған.


Жасырын дауыс беру нәтижесінде жиынға қатысқан 48 сенаттың 47-сі Дариға Назарбаеваның кандидатурасын қолдап дауыс берген еді.

Рекомендовать
Последние новости