Тоқаев ішкі істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Сағыныш Сардарова 11 нояб. 2024 12:20 2639

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының Полиция департаментін басқарған Бауыржан Әленов жаңа қызметке тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Ал оған дейін Президент Марат Қожаевты ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындаған болатын. 


Рекомендовать
Последние новости