Томирис Байсафаның өлімі: сот үкім шықты

Dalanews 08 июн. 2021 03:30 932

Мәскеуде сот алқасы қазақстандық Томирис Байсафаның өлімі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сот Мәскеуде өтіп жатыр. Сот алқасы үкімді 4 маусымда шығаруы керек еді, бірақ отырыс 7 маусымға ауыстырылған.

2018 жылдың 13 сәуірінде қазақстандық Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) 4-ші қабаттағы терезесінен құлаған. Қазақ қызы Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-ші курсында оқып жүрген болатын. Дәрігерлер бірнеше операция жасаса да, қыз үш аптадан кейін ауруханада қайтыс болды. Ресейдің тергеу комитеті "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша тергеу бастаған. Кейін бұл іс "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды.

Екі жылдан кейін, 2020 жылдың 28 шілдесінде Мәскеуде Дағыстанның экс премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталды. Тергеу мәліметі бойынша, Меджидов қызды ұрып, терезеден итеріп жіберген.
Муртузали Меджидовтен тергеудің бастапқы сатысында жауап алынған. Қайғылы оқиға болған күні ол Томириспен бір аудиторияда болып, екеуі ұрсысып қалған деседі. Бірақ оған еш дәлел табылмай, "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Сот үкімі туралы Instagram-да Томирис Байсафаның анасы жазды.

Құрметті достар, ол кінәлі емес деп танылды. Мен не айтарымды білмеймін... - деп жазды ол.


 

Рекомендовать
Последние новости