Төгілген қанға лаңкестердің уағызшылары кінәлі

Dalanews 10 июн. 2016 04:30 821

Әсіре діншілдермен күрес, оларға билік жағынан қарсы соғыс күндердің бірінде болары анық еді. Бірақ, сол күрестің, сол соғыстың дәл қазір болып жатқаны күмән тудырады екен. Аяқ астынан жинала қалып, сол кезде барып қару-жарақ дүкенін тонап, сосын барып бүлік шығаруы шынында күмәнға толы. Олар бүлік шығаратын болса, өз дайындықтары болмай ма? Бүліктің алдында ғана қару іздей ме?

Ал енді президенттен бастап, қарсылық көрсеткендерді атуды бұйырды. Атып жатыр, бүгін тағы бес адамды атты. Менің ойымша, әсіре діншілдерді пайдаланып отырған, өздерінен басқа күш бар. Мүмкін сол күш биліктің құрамында болуы әбден мүмкін.

Біріншіден, олар қоғам назарын жер мәселесінен бұру. Мақсаты орындалды. Дерліктей назарымыз бұрылып кетті.

Екіншіден, осы орайды пайдаланып теріс ағымдарды тоқтату.

Үшіншіден, халыққа қорқыныш сыйлау. Халықты өз ойын айтып митинг өткізу халінен де қалдыру. Енді көп санды адам бейбіт шерудің артын осындай түрлі күштер өз бағыттарына жұмсап жіберер деп алаңдайтын, қарсылық шерулерді өткізуден қорқатын болады. Және билік те бейбіт шеруге шыққандарға да, қит етсе террорист деп атақ бере салуы әбден мүмкін. Ондағы қарсыласқандарға қару қолдануы да мүмкін. Биліктегі белгісіз бір күштер осы ойын орындау үшін, өз адамдарын әсіре діншілдерге кіргізіп, олардың қолтығына су бүркіп, бүлік шығаруына себеп болды ма деген күмән туады екен.

Сондықтан, бүлікке қатысқан әр қылмыстыны тірі ұстауға тырысып, дұрыстап тергеп, артында кімдердің тұрғанын, кімдердің айтақтағанын анықтап шығу керек.

Ал әсіре діншілдерге келсек, олармен күресте салдарды ғана нысанаға алмай, себепті басты назарға алған жөн. Нағыз ату жазасын алатындар, бүгінгі есеп бойынша 15 мыңдай қазақты сол ағымдардың құрбанына айналдырғандар. Бірінші сол әсіре діншілдік бағытта жылдар бойы уағыз жүргізгендердің жазаларын беру керек.

Кешегі атыстағы қаза болған он қанша адамның, бүгінгі бесеуінің қанына солар кінәлі.

Рекомендовать
Последние новости