Тексеру жүргізіліп, отандық бірқатар банктердің басы дауға қалды

Кәмшат Тілеухан 26 июн. 2025 14:45

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өрескел бұзушылықтарды бірден 11 банктен анықтады. Басы дауға қалған отандық банктердің қандай бұзушылықтарға жол бергені ашып айтылмайды, бірақ тұспал жасалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өрескел бұзушылықтар анықталған коммерциялық банктер қатарында мыналар бар:

  1. Halyk Bank,
  2. Еуразиялық банк,
  3. Kaspi Bank,
  4. Altyn Bank,
  5. Bereke Bank,
  6. БЦК,
  7. Bank RBK,
  8. ForteBank,
  9. Home Credit Bank,
  10. Freedom Bank,
  11. Нұрбанк.

Реттеуші орган бұзушылықтардың түп мәнін ашып көрсетпейді, бірақ "Банктер туралы" Заңның 45-1 және 46-баптары талаптарының бұзылуына сүйенеді. Ал бұл арада ықтимал бұзушылықтардың кең тізімі келтірілген: жекелеген операциялардан бастап топ-менеджменттің заңсыз әрекеттеріне дейін.

Мәселен, 45-1-бапқа сәйкес, егер банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығына қауіп төнсе, реттеуші салымшылардың, клиенттердің және кредиторлардың мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға құқылы. Бұл жәй ұсыныстар да, қатаң шектеулер де болуы мүмкін.

Ал 46-бап нақты қадамдарды қарастырады, мысалы:

  • Банкке тәуекелдерді басқаруда осал тұстарды шұғыл түрде жоюды талап ету;
  • Қайта капиталдандыру жөніндегі жоспарды әзірлеу және енгізу (егер капитал жеткіліктілігімен проблемалар анықталса);
  • Барлық қызметті заң нормаларына сәйкес келтіру;

Осыған қарағанда тексеру ауқымды көлемде жүргізілген. Бұл тек техникалық ақаулар ғана емес, сонымен қатар жүйелік мәселелерді де қамтуы мүмкін.  

Барлық құқық бұзушыларға жазбаша нұсқама берілгені де нақтылынады.


Рекомендовать
Последние новости