«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шығыс Қазақстан облысында жалғасуда

Жарбол Кентұлы 12 июл. 2024 13:22 4946

ШҚО тұрғындары сенбілікке бастама көтеріп, үнемі белсенділік танытуда. Осылайша, 12 шілдеде Глубокое ауданында «Таза бұлақ – Таза аумақ» ұранымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті.


Акцияға қатысушылар Глубокое кентінде Киргородок шағын ауданында орналасқан жағажай аумағы абаттандырылды.
Бүгінгі таңда орындықтар, урналар, барбекю алаңдары, контейнерлік алаңдар, киім ауыстыратын бөлмелер, дәретханалар орнатылған. Сондай-ақ суда жүзу сигналдары бар. Бейнебақылау камералары, ескерту жүйесі орнатылған– деді экологиялық акцияға қатысушы Қайырбекова Елизавета.


Балаларға арналған ойын алаңдары және белсенді өмір салтын сүйетіндер үшін футбол, волейбол, теннис алаңдары салынды.


Экологиялық акциялар жалғасуда. Бүгін акция аясында біз өзендер мен жол жиектерін қоқыстардан тазарттық. Бұл іс-шара өзінің жалғасын табатын болады. «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың туған өлкесінің табиғатына ұқыпты қарауға деген ұмтылысын тәрбиелейтін маңызды іс– шара деп санаймын – деп бөлісті Глубокое ауылының тұрғыны Роза Советханқызы.


Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жоғары тиімділігі үшін «Эко сақшы» жобасы басталды.

Бірінші эко-тур Самар ауданында өтті, онда Самар ауданының ауылдық округтерінен тағайындалған экопатрульдерді оқыту бойынша семинар ұйымдастырылды. Соңында ауданның эко сақшылары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының белсенділері, волонтерлер қатысуымен Бұқтырма су қоймасының жағасында сенбілік өткізілді.
Жыл басынан Шығыс Қазақстан облысында 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан ретке келтірілді. 6,8 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 348 км арық тазартылды. Елді мекендерде 29 мың тонна қоқыс шығарылды.


Қазір өңірде 42 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу және муралдарды жағу жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралар елді мекендердің бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған.


Рекомендовать
Последние новости