Қазақша сөйлеуден бас тартқан турнир ұйымдастырушысы жұмыстан шеттетілді

Көркем Алдабергенова 05 июл. 2024 13:25 4398

Gorilla Drift Championship ұйымдастырушылары турнирдің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тіліне қатысты айтқан сөзінен кейін ішкі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Бұл туралы турнир ұйымдастырушылары ресми мәлімдеме жасады.
 
"Бұл оқиға 2 маусымда республикалық драг-рейсинг турнирі барысында болған. Осы жарыс дрифт чемпионатына қатысы жоқ болғандықтан біз осы оқиғаға қатысты пікір білдіруіміз дұрыс емес деп санаймыз. Алайда Артем Чекменовтің Gorilla Drift Championship ұйымдастырушыларының бірі екенін растаймыз. 
 
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, біз Артем Чекменовті Gorilla Drift Championship чемпионаты мен оның қатысуымен өтетін басқа да спорттық шараларды ұйымдастырумен байланысты барлық мәселеден ішкі тергеу аяқталғанға дейін уақытша шеттету туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар, оның айтқандары брендтің чемпионаттың және ұйымдастырушылар тобының басқа мүшелерінің ресми ұстанымы болып табылмайды", - делінген мәлімдемеде. 
Еске салайық, әлеуметтік желілерде Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі қызу талқыға түсті. Көп ұзамай Чекменевтің өзі де желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген болатын. 

Желіде тараған видеода Артем Чекменев қазақша сөйлеуден бас тартады. 

"Сен не мен сөйлейтін тілде сөйле, не менімен мүлдем сөйлеспе. Түсінікті ме? "Эй" деп әйеліңе айтасың. Бауырым, сен орысша түсінбейсің ғой", - дейді Чекменев видеода. 

Видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсіп кеткеннен кейін компания өкілдері олардың әлеуметтік желідегі парақшаларында және Артем Чекменовтің парақшасында да пікір жазу мүмкіндігін алып тастаған. 

Чекменовтің өзі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, оқиға 2 маусымда болған. Ал видео қырқып алынған және оның толық мазмұны мүлде басқаша болыпты-мыс. 

"Сол күні болған жайт туралы мына нәрсені айтар ем: жарыс болатын аймақты тексеріп жатқан уақытта күзетшілер біреу көліктің багажында тегін тауар таратып жатқанын байқаған, ал бұл №3 бюллетень ережесіне қарс. Бюллетень құжаты 28 сәуірде спортшылардың тобында таратылған болатын. Мен оқиға орнына келіп бұлай істеуге болмайтынын, олардың әрекеті ережеге қарсы екенін, ол ұйымдастырушылармен келісілуі керегін түсіндірдім. Ал олар бұл шараның ережесі мен регламентімен таныс болуы керек, салдарынан олардың тарапынан агрессия мен провокацияға ұшырадым. 

Артынша шара болатын кешеннің күзет қызметі жігіттерден шығып кетуді сұрады. Әлеуметтік желіде тараған "танымал видеода" алты адам арасындағы жарты сағаттық әңгімеміз кесіп алынғанын тағы да қайталап айтамын! Мені жаман тұсымнан көрсету үшін менің тарапыма жасалған провокация сәті кесіп алынған...", - дейді Чекменов. 

Артем Чекменов видеодағы жігіттермен ұзақ сөйлескенін, артынша эмоцияға беріліп сөйлеп кеткені үшін кешірім сұрағанын айтады. 


Рекомендовать
Последние новости