900 миллион теңгеге бағаланған клуб мемлекетке қайтарылды

Қаракөз Амантай 12 июл. 2024 10:23 3487

Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері заңсыз иеленген мүлікті мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 12 шілдеде қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.

"Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңгені құрайтын "Сарыарқа" хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды", - деді Қарағанды облысының прокуратурасы.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады.

Еске салайық, 2023 жылғы 12 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Негізгі міндеттер заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.


Рекомендовать
Последние новости