Белгілі әнші Қайрат Нұртас ұсталып, іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақпаратты Жоғарғы соттың байланыс бөлімі растады.Әнші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылған.
"Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша Қ.А.-ға қатысты екі материал келіп түсті", - деді Tengrinews.kz-ке Жоғарғы соттағылар.
Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, Алматы-Астана бағытындағы авиарейс бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жіберілді.
Сотта іс қашан қаралатыны қосымша хабарланатыны айтылды.