Путин Астанаға келді

Сағыныш Сардарова 03 июл. 2024 09:55 2582

Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет - Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.


Рекомендовать
Последние новости