Храпуновтың күмәнді саудалары Американың көзіне түсті

Көркем Алдабергенова 01 июл. 2024 11:13 3735

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов АҚШ-та "күмәнді ақшаға" жылжымайтын мүлік алған кәсіпкерлер тізіміне кірді. Швейцарияда тұрып жатқан Храпунов туралы ақпарат Global Financial Integrity тергеуінен бірақ шыққан. Құжатта АҚШ-та кейінгі 20 жылда алынған коммерциялық мүліктер туралы ақпарат қамтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ақпарат Shishkin like арнасында пайда болды. Ондағы мәлімет бойынша, 20 жылда алынған коммерциялық мүліктер туралы ақпараттың ішінде 25 жағдайда мүлік заңсыз, болжам бойынша заңсыз немесе күмәнді ақшаға сатып алынған. Үш сатып алушы Қазақстанмен байланысты болып шыққан. Оның ішінде: Виктор Храпунов, Сауат Мыңбаев (бір кездері мұнай және газ министрі болған адам)  және Асқар Алшынбаев (Қазкоммерцбанктің бұрынғы басшыларының бірі) бар. 

Global Financial Integrity зерттеуіндегі деректер бойынша, аурухана ғимаратын, бизнес кеңсе ғимаратын және супермаркет сатып алынған. Олардың жалпы құны 35 миллион доллар. Сатып алу делдалдар арқылы өткен. Одан бөлек, Храпунов 2013 жылы швейцариялық делдал компания арқылы Нью-Йоркте 600 мың шаршы фут нысанды сатып алған. Америкалық репортерлер бұл нысанды нақты кім сатып алғанын анықтауға тырысқанымен компания өкілдері бетін планшетпен бүркеп, қашып кеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Храпунов Алматыны басқарған кезінде шығарған шешімі жарамсыз болып қалғанын жазған едік.15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылы 27 қазандағы мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды.

Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар, 5 маусымда Виктор Храпунов сатып жіберген медициналық мекеме мемлекетке қайтарылды.

Бұған дейін Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жыл 27 қазандағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар бұл кешенді, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің 25 сәуірдегі қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарлануда.


Рекомендовать
Последние новости