Антикор мемлекеттік мүлікке қол салды деген күдіктіні ұстады

Сағыныш Сардарова 28 июн. 2024 16:17 5183

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген адамды ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген адамды ұстады, күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды. Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінді.

"Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен, бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған. 14 маусымда Бішкек қаласында У. ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады. Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен У. Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Антикор басқа деректі жария етпеді.


Рекомендовать
Последние новости