Алматыдағы автобус апатынан бір адам қаза тапты

Сағыныш Сардарова 26 июн. 2024 15:22 4527

Алматыдағы автобус апатынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Бұл жол-көлік оқиғасы сағат 14.20-да Алматының Алмалы ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.


Рекомендовать
Последние новости