Тайжан: "Жанболат Мамай? Банктер жасырын пайызбен халықты алдады"

Dalanews 05 авг. 2020 10:20 738

2000-шы жылдары банктер жасырған екі қабат процентпен халықты алдап тастады: Енді барша несиелерін қайтадан санап, адамдарға олардың ақшаларын қайтару керек.




Жанболат Мамайдың халықтың несиесін кешіру мәселесімен Астанаға кеткенін естіп отырмын. Бұл талапты мен қолдаймын. Егер мемлекет (яғни салық төлеушілер) көп мәрте банктерге миллиардтаған доллар бөліп көмектессе, неге бір рет болса да өз халқына көмектеспейді? Бұл мәселе әрине, бірінші рет көтеріліп отырған жоқ, мүны біз 1,5 жыл бұрын айтқанбыз.

Бірақ бұл мәселе қазір коронакризис жағдайында қайтадан өзекті болып отыр. Сарапшылардың бағалауынша Қазақстанда алдағы 6 ай ішінде өзінің несиелік міндеттемелерін орындай алмайтындар саны 900 мыңнан 2,8 миллион адамға (!) өседі. Осыған байланысты әлі күнге заңдастырылмаған жеке тұлғаларды банкрот деп жариялау институты өте маңызды болып отыр.

Сонымен бірге тағы бір мәселе бар. Ол – ЖАППАЙ МАСШТАБТАҒЫ БАНК АЛАЯҚТЫҒЫ, ЯҒНИ ЖАСЫРЫН ЕКІ ЕСЕЛЕНГЕН ПАЙЫЗДАР МӘСЕЛЕСІ. Егер банк кредиттері бойынша пайыздарды адал жолмен қайта есептеп шықса, халық банктерге емес, керісінше банктер халыққа қарыз болып қалады! Иә дәл солай!

Мен бұған бұрын қатты мән бермеппін, бірақ Ермек Нарымбайдың арқасында көп нәрсені түсіндім. Кезінде ол сотта банктердің екі еселенген пайыздарын дәлелдегені үшін оның көлігін өртеп жіберген еді. Мен тіпті оны елден қуып шыққан да осы банк лоббиінің ықпалы деп ойлаймын.

Алыпсатар-банкирлердің шексіз алаяқтығы Қазақстанда ұзақ жыл жалғасты. Адамдар кредит алып, төлеп жүрді. Ал, қарызы сонда да өсе берді. Қалайша? Қаншама тағдырлар бұзылды, адамдар өздеріне қол салды, қаншама отбасы кредиттің кесірінен ажырасты!

Бір қап картоп немесе бір жәшік коньяк ұрлағандар бізде 5 жылғақамалады. Ал миллиондаған адамды екі еселенген пайыздық банк схемалары көмегімен тонағандарға еш жаза қолданылмайды. Керісінше, осындай «табысты» алыпсатарлармен біреулер мақтанып жүр).

Бұл мәселені көтеретін уақыт келді. 2001-2011 жылдар аралығындағы барлық кредиттер бойынша пайыздарды қайта санап шығу керек және банкирлерге өз қалталарынан болса да алданған халыққа ақшасын қайтарту қажет.

Мұхтар Тайжанның жазбасы

Рекомендовать
Последние новости