Тайчибековтың тегі кім?

Dalanews 06 февр. 2015 01:17 931

  Өзін «Тараз қаласынанмын» дейтін Ермек Тайчибеков деген біреу әлеуметтік парақшасында аузына келгенін оттап, оңды-солды көки бастады. Ашықтан-ашық бұра тартып, бұралқы, бұзық пікірлерін бұрқыратып жатыр. Іріген аузынан шіріген сөз сайлап жүр. Әуелі «Қазақстан Ресейдің губерниясы болуы керек» деп алып барып, атты-батты сөздерін одан әрмен былықтырып жіберді. Тіпті, пәтуәсіз пәлсапаларын бүркіп, шашып қана қоймай, енді қазақстандық жастарды әскерге шақыруға көшті.

   Оның: «Тұрақты әскерге жазылу, қабылдау Ресей Федерациясының аумағында жүргізіледі. Онда құрметпен қарсы алады. Жаңаресейге алып барады. Тамақтандырады, жатын орын береді. Оқытады. Жақсы жалақы төлейді, сыйақысы да бар», – деуі не сандырақ? Бұл ғана емес, жазбасында өзінің телефон нөмерін қалдырған адамдарға ол жақтағы (соғыс жүріп жатқан жақты меңзеп) жасақшылар көшбасшысымен таныстыратынын айтады.
Тараздық Тайчибеков бірнеше рет Қазақстан, Украина мен тағы бірқатар посткеңестік елдердің Ресейге енуін қолдауға шақырып, шыр-пыры шығуын тоқтатар емес. Таяудағы сандырығында ол (сөзбе сөз келтірейік): «Придет время. Восторжествует справедливость. Казахстан вернется на свое законное историческое место в состав России. Будет одна общая страна. После того как Казахстан вернется состав России уже больше никто никому не скажет слова о том «Чемодан – Вокзал – Россия» ибо это и будет Россия. Казахстан – это Россия», – деп оттапты.

    Осы тұста мына бір жайт ойға оралып отыр.  2011 жылғы 12 қараша күні Тараз қаласында лаңкес Мақсат Қариевтің лаң салуынан жеті бірдей арыстай азаматымыз оққа ұшқан еді. Сонда, кәнігі лаңкестің сыбайластарын іздестіру кезінде бірен-саран кінәсіз адамдардың да жауапқа тартылғанын естігенбіз. Көптеген жігіттер көп жылдардан бері көркін келтіріп тұрған сақал-мұрттарын қырғызып тастап, «аш пәледен қаш пәле» дегендей әлекке түскен. Ал, мына Тайчибеков мекен-жайын, телефондарын көрсетіп, желіккен жігіттеріміздің қолына ашықтан-ашық қару-жарақ бергелі отырған жоқ па? Әрі өзінің теріс пиғылды жақтайтынын да анық айтып отыр ғой! Сонда, оның арты қанды қақтығысқа, бейбіт тұрғындарды басып-жаншуға апармайды деп кім айта алады? Ашық айтып, айбат көрсетіп, ештеңеден қаймықпай отырғанына қарағанда, оның артында әлдебір адамдардың, тіпті, күш-құрылымдарының болуы да мүмкін. Ендеше, біздің құқық қорғаушыларымыз, қауіпсіздікті күзетушілеріміз неге бұл арам ниетті әрекеттердің алдын алмайды?      Әлеуметтік желілердегі соңғы жазбасында Тайчибеков «Қазақстанның Ресейге қосылуын АҚШ-та қолдайды. Бірақ, АҚШ Ресей Қазақстанға қанды жорық жасаса екен деп тілейді, ал Ресей Қазақстанды бейбіт жолмен өзінің қатарына қосуды қалайды. Мен де соны қалаймын. Солай болғаны жөн», – деп көкіді.

[caption id="attachment_9080" align="alignleft" width="377"]censor_photoshops_big2 Тайчибековтың "Фейсбук" парақшасындағы суреті.[/caption]

 Тараздық Тайчибеков бірнеше рет Қазақстан, Украина мен тағы бірқатар посткеңестік елдердің Ресейге енуін қолдауға шақырып, шыр-пыры шығуын тоқтатар емес. Таяудағы сандырығында ол (сөзбе сөз келтірейік): «Придет время. Восторжествует справедливость. Казахстан вернется на свое законное историческое место в состав России. Будет одна общая страна. После того как Казахстан вернется состав России уже больше никто никому не скажет слова о том «Чемодан – Вокзал – Россия»  ибо это и будет Россия. Казахстан – это Россия», – деп оттапты.

   Бұлай  сандырақтай беретін Тайчибеков сияқтыларға неге еркіндік беріп қоямыз? Қазақстанның мемлекеттік тұтастығына нұқсан келтіретін сөздерді айтуға оның қай әкесінің құқы бар?

 Біз өз тарапымыздан «тараздықпын» деген Тайчибековтың туған-туыстарын , жақындарын іздестірдік. Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы да, облыстық ішкі істер департементінің терроризмге қарсы күрес бөлімі де бұл мәселеден бейхабар болып шықты! Журналистік зерттеу барысында Ермек Тайчибековтың Қордай ауданында туып-өскенін анықтадық. Әкесі Кеңес Тайшыбеков сол ауданда басшылық жұмыстарда, соңында «Сарыбұлақ» совхозында директор қызметінде болған екен. Кейіннен қайтыс болыпты. Ал, баласы Ермек сол кездегі Жамбыл мәдени-ағарту училищесінде білім алған.

 

Якия ШЫНӘСІЛҰЛЫ, өнер зерттеушісі, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Мен 40 жылдан аса уақыт осы оқу орында ұстаздық еттім. Алдымыздан

мыңдаған шәкірт білім алды. Көпшілігін ұмытып қалдым. Ал, мына сіз сұраған оқушы туралы «Қордайлық атақты совхоз директорының баласы» деген соң есіме түсіп тұр. Ол бала да елден ерекшілігі жоқ, қатардағы білімгердің бірі болды. Кеңестер одағы тарағаннан кейін Ресейде қалып қойыпты деп естідік. Әлдеқашан Ресейдің азаматтығын алған да шығар. «Тараздықпын» деп қазақстандық жастардың көңілін аудару үшін ғана айтып отырғаны болар. Қазір оның өзінен де, отбасынан да еш хабарым жоқ.

 Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ,  жазушы,  халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері:

  – Кеңес Тайшыбековте  бала басы баршылық еді. Үлкен ұлымен жолдас болып, жақсы қарым-қатынас жасадым. Тәрбиелі, мәдениетті жігіт болатын. Ерте қайтыс болды. Өзге бауырларын танымаймын. «Бір биеден ала да туады, құла да туады» деген сөз шындық қой. Мына мәселе жөнінде ештеңе айта алмаймын.

 Ғаламторда жастарымызға қарата уыстап тұрып у-зәрін шашып жатқан Тайчибеков әзір тоқтар емес. Ал, оның «алдауына ілесіп, айтқанына көніп жатқандар бар ма, саны қанша» дегендерге нақтылы айтар сөзіміз жоқ. Бірақ, күні кеше теледидардан көрсетіліп , терроршылардың қоршауында тізерлеп отырған, 12 жастағы баланың қолынан оққа ұшқан екі жігіттің бірі «Жамбыл облысының  Меркі ауданынан екен» деген сыбыс шықты.Ал, ондайлардың Тайчибеков сияқтылардың азғыруымен адасып жүрмегеніне кім кепіл бола алады?

 

Дүйсенбек АЙБЕКОВ,


Тараз қаласы


Рекомендовать
Последние новости