Таяу болашақта Түркістан 500-700 мың адам тұратын ірі мегаполиске айналады

Dalanews 30 нояб. 2018 02:59 975

Облыс орталығына айналған Түркістан қаласы күн өткен сайын жасарып, жаңарып келе жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаланы дамытудың бас жоспарын бекіткеннен кейін көне шаһарды өркендетуге қатысты жұмыстар жаңа қарқынмен жүре бастады. Осы ретте Түркістан қаласы өзінің даму барысында ұлттық һәм шығыстық стильден айынмайтыны маңызды құжатта айрықша атап көрсетілгенін атап айта кетуіміз керек.  

 

 

Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мырзаның айтуынша, қалада таяу болашақта 500-700 мың адам тұратын болады. Иә, облыстағы демографиялық көрсеткіштің оң бағытта дамып жатқан ескерсек, облыс басшысының бұл болжамы жақын болашақта шындыққа айналатына сенуге болады. Оңтүстіктегі еңбекқор халықтың саны артатын болса, Түркістан қаласы еліміздегі Шымкент, Аламты сияқты іргелі қалалармен иық тіресетін мегаполистке айналастыны сөзсіз.

Бүгінде қаланы жоспарлау, жобалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Таяу болашақта шаһарда халықаралық әуежай, жаңа вокзал, заманауи автовокзал бой көтереді.

Түркістанның бас жоспарына сәйкес, қала аумағы 35 мың гектарға ұлғайды. Жаңа қалашық та салынады. Оған 670 гектар жер бөлініп қойылды. Оның 170 гектарына әкімшілік-іскерлік орталық, 300 гектарына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтереді. Бұл аймақта келешекте 65 мыңға жуық халық тұрады деп күтілуде.

Облыстың бас сәулетшісі Еркін Жүсіповтің айтуынша, Түркістанда жоспар бойынша бірінші кезекте 38 нысан тұрғызылып, қаланың коммуналдық қызмет жүйесі толығымен қайта жаңғыртылады. Әзірет Сұлтан кесенесі маңайында шығыс сәулет үлгісімен жаңа мұражайлар, қызмет көрсету орындары салынып, қала ішінде ірі сауда орталықтары бой көтереді. Түркістанға заманауи технологиялар, осы заманғы жүйелер «Ақылды қала», цифрландыру жүйелерін енгізу назарға алынады.

Нұрлан Әубәкір, журналист.

Рекомендовать
Последние новости