ТАСС агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашов II дәрежелі “Достық” орденімен марапатталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аталмыш орденді ресейлік журналиске Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин табыстады. Кондрашов бұл марапатты Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін иеленді.
Өз сөзінде журналист мәртебелі қонақтарға алғыс білдіре отырып, орден бүкіл агенттіктің еңбегіне берілген жоғары баға әрі болашаққа артылған сенімнің белгісі екенін атап өтті.
Айта кетейік, Мәскеуде Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің құрылғанына 120 жыл толуына орай “Ресей-Қазақстан: БАҚ-тың өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелері” атты медиа форумы өтті.
Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Президент телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева және еліміздің ірі медиахолдингтері мен БАҚ жетекшілері арнайы барды.