Талғарда тағайындау жалғасып жатыр

Сағыныш Сардарова 18 нояб. 2024 14:15 669

Бауыржан Байбатыров Талғар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдік мәліметінше, 37 жастағы шенеунік 2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

Еңбек жолын 2014 жылы Бөлек ауылдық округі әкімінің аппаратынан бастап, жетекші маманнан бас маманға дейін көтерілді. 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

Айта кетейік, 15 қазанда Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.

Еске салайық, 4 қазанда түнде Талғарда 16 жастағы жасөспірім өлтірілді. Қайғылы оқиға болған күні Шерзат Болат дүкенде жұмыс істейтін әкесіне көмектескен.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылғандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.

Кейінірек Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.


Рекомендовать
Последние новости