Тасмағамбетов Ресей шенеуніктеріне марапаттар табыстады

Қаракөз Амантай 08 февр. 2024 12:39 2218

7 ақпанда ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олар ұйым қызметінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтатын болсақ, 2023 жылғы 23 қарашада Минскіде өткен ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін іске асыру барысы мен 2024 жылғы маусымда ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысына дайындықты ортаға салды.

Ал кездесу соңында Ресей СІМ қызметкерлеріне Иманғали Тасмағамбетов ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының наградаларын табыс етті.

Сонымен бірге Сергей Лавров ҰҚШҰ форматындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының жауапты хатшысы – ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы хатшылығының басшысы Сергей Поспеловті Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің "Өзара іс-қимыл жасағаны үшін" төсбелгісімен марапаттады.

Еске салайық, Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы қызметіне 2022 жылдың қарашасында тағайындалған болатын. Мемлекет қайраткері өз кезегінде осыған дейін Ресей тарапынан бірнеше марапат иесі атанған. Нақтырақ айтсақ, Орыс Православиелік Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» орденімен, Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен және көптеген алқамен марапатталған.


Рекомендовать
Последние новости