Таразға жаңа әкім тағайындалды

Dalanews 02 мар. 2017 12:07 788

Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «2» наурыздағы №68-ө өкімімен Рүстем Рысбайұлы Дәулет Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Рүстем Рысбайұлы Дәулет 1974 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлер мектебін «маркетинг және коммерция», 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару» және 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған. 1995-2000 жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, әкімі, 2000-2002 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында тыңдаушы болған.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының консультанты, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетінде басқарма бастығы, 2004-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының, Сенат депутатының көмекшісі болған. Сондай-ақ 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 2013-2015 жылдары Жамбыл ауданының әкімі және 2015-2017 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Рекомендовать
Последние новости