Танымал алматылық судья шашын тықырлап алып тастап, үндеу жасады

Көркем Алдабергенова 10 дек. 2024 11:21 728

2021 жылдың 28 сәуірінде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп ұсталған Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова шұғыл үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп. 

Светлана Жолманованың шашын тықырлап алып тастаған, бұрынғы судьяны бірден тани қою қиын.

«Қамауда отырғаныма екі ай болды. Менің хаттарыма ешкім жауап берер емес. Телефон соғуға мүмкіндік бермейді, балаларымды да көрсетпейді. Қазір дүние-мүлкімді тартып алып жатыр. Мен бәріне дайынмын, бұл – барып тұрған бассыздық. Мен өлуге де дайынмын, өзіме қол жұмсауға дайынмын, өйткені менің балаларым мен кәрі шешем зардап шегіп жатыр», – дейді ол Президентке бағыттаған үндеуінде.

Бұрынғы судьяның айтуынша, қылмыстық істі ҰҚК тергеген кезде ол ешқайда кетпей туралы қолхат бермесе де, екі жарым жыл бойы Алматы қаласынан шыға алмапты.

«Осы видеоға назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл заңсыздықты бәлкім өлім тоқтататын шығар. Егер қандай да бір жағдай болса, менің өліміме Смайыловты кінәлі деп тануды сұраймын», – депті Светлана Жолманова.

Экс-судья

Еске салайық, 9 қазанда бұрын алаяқтық жасады деген судья Светлана Жолманова қайтадан ұсталған болатын.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

"Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. Ол сот шешімдерін белгілі бір адамдардың пайдасына шығаруға көмектескен.

29 сәуірде Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды.


Рекомендовать
Последние новости