Талдықорғандықтар «Менің туым. Менің Отаным!» челенжіне белсене қатысты

Dalanews 16 дек. 2020 08:16 981

Алматы облысының тұрғындары «Менің туым. Менің Отаным!» атты республикалық челенжді қолдап, Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның жалауын іліп, көк байрағымызды желбіретті.  

Шектеу шаралары мен мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жетісулықтар осы айтулы күнді – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтуге бел буды.

Шараға қатысқан тұрғындар челлендж азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін күшейтуге ықпал ететінін алға тартты.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек, – дейді  16 қабатты тұрғын  үйде тұратын Гүлназ Ермұратова.

Сонымен қатар, қала тұрғындары да күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін қолға алған шараны жоғары  бағалады.

– Мен осы ықшам  ауданның тұрғынымен. Мойын созып қарағанда көк туымыз көзіме оттай басылды. Өте әдемі көрінеді. Біз әрқашан Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздерге ерекше мән беруге тиіспіз. Ал мұндай челендждер Тәуелсіздіктің қастерлі үғым екенін түсінуге ықпал етеді, – дейді қала тұрғыны Аяужан Болат.


Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Менің туым. Менің Отаным!» челенджі бүкіл республика қамтыды. Әлеуметтік маңызы бар нысандарда  және тұрғын үйлердің балкондарында мемлекеттік рәмізді ілуге рұқсат етіледі.

Бұл акцияны ел азаматтары оң қабылдап, әлеуметтік желілерде арнайы жабалармен, фото және бейне материалдармен бөлісіп, #МеніңтуымМеніңелім хэштегімен таратуда.

Анар САБЫРОВА, Алматы обылсы.

Рекомендовать
Последние новости