Талдықорғанда болған жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаменті растады.
Хабарламаға сәйкес, полиция қызметкері апат болған сәтте көлікті өзі жүргізіп отырған. Апатқа қатысқан жүргізуші - бұрынғы полиция қызметкері. Ол ішкі істер органдарынан босатылды.
Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
