Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Желі қолданушылары оны Түркістан облысы мәслихатындағы мандатын "тоқалына берді және некесіз туған баласын жасырды" деп айыптап жатыр.
"Өзі сайланған, халық сайлаған. Халыққа үгіт-насихат жасап, "депутат болсын" деп те айтпағанмын. Ол - жеке өмірім, жеке өмірім болғаннан кейін отбасылық құндылықты сақтау үшін әрі қарай айта алмаймын. Ал бала бойынша "балам емес" деп еш жерде айтпағанмын. Ол - менің ұлым, өзімнің атымды бергенмін. Алланың алдында, адамның алдында да жасырмаймын", - деді депутат.
