Үш айда бес ұрлық: күдікті Оралда ұсталды

Асель Қайратқызы 05 нояб. 2025 15:51

Полиция Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысының бір ауданында бес автокөлік ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараттық медиапорталы хабарлағандай, ер адам Audi маркалы автокөлікті айдап кеткеннен кейін ұсталған. Көліктің қозғалысын полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы бақылап отырды.

«Сол күні күдікті Volkswagen маркалы автокөлікті де айдап кеткен. Бұдан бөлек, ол тағы үш автокөлік ұрлығын жасаған. Жалпы, тамыз айынан бері ер адам бес ұрлық жасаған – оның екеуі Бәйтерек ауданында, үшеуі облыс орталығында болған», – деп хабарлады ІІМ.

Барлық автокөліктер заңды иелеріне қайтарылды. Көлік ұрлығы фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Рекомендовать
Последние новости