ҰҚК іздеп жатқан Қазақстан азаматы Украинадағы соғыста қаза тапқан болуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 04 нояб. 2025 11:10

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Даулет Сарманбаевты іздеу жариялаған. Алайда украиналық «Хочу жить» жобасының деректері бойынша, ол Украинадағы соғыста қаза тапқан, деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап. 

13 қазанда«Хочу жить» жобасы Ресей армиясы қатарында соғысып, Украинада қаза тапқан 270 адамның тізімін жариялады.

Тізімнің 188-нөмірінде Сарманбаев Даулет Қонырбайұлы, 1976 жылғы 7 қазанда туған деп көрсетілген. Бұл деректер ҰҚК жариялаған іздеу карточкасындағы мәліметтермен толық сәйкес келеді.

«Хочу жить» жобасының мәліметінше, ол 2025 жылдың 9 қыркүйегінде қаза тапқан деп танылған.

Бұл – бір адам екенін дәлелдейтін тағы бір дерек бар

15 қазанда «Орал апталығы» Facebook желісінде Украинада қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Жазбаның астында бір қолданушы пікір қалдырып, Даулет Сарманбаевпен 2017–2020 жылдары Чинарев кен орнында бірге вахтада істегенін жазған.

«Қызылорда облысының Шиелі ауылынан келетін. Жақсы жігіт еді, сабырлы, еңбекқор», – деп жазған қолданушы.

Ал Сарманбаевқа қатысты іс ҰҚК іздеу карточкасында көрсетілгендей, 2025 жылдың 3 қарашасында Қызылорда облысында тіркелген.


Рекомендовать
Последние новости