Жоспарға сәйкес, Ресейден 3–4 жолбарысты жеткізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, 2025 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы амур жолбарысын қайта енгізу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру мақсатында екіжақты жұмыс тобының екі отырысы өткізілген. Кездесулер барысында тараптар адамдар мен жыртқыштар арасындағы қақтығыстар бойынша қазақстандық мамандарды даярлау туралы келісімге келген.
Спикер сондай-ақ қорықта күн батареяларымен жабдықталған және спутниктік интернетпен қамтамасыз етілген бақылау орталығы құрылғанын хабарлады. Жолбарыстар үшін 3,5 гектар, доңыздар үшін 1 гектар аумақта торлар салынған, сондай-ақ қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген ветеринарлық пункт жасалған. 2024 жылғы күзде Нидерландыдағы Hoenderdaell зообағынан екі жолбарыс — еркек дарақ пен ұрғашы дарақ жеткізілген. Қазіргі уақытта жолбарыстар торда мамандардың тұрақты бақылауында ұсталып отыр. Болжам бойынша, ұрпақ алғаннан кейін және жас жолбарыстар азық табуды үйренгенде оларды табиғатқа жіберу жоспарланып отыр. Ал ата-аналық жұп ғылыми және ағартушылық мақсатта визит-орталықтағы торда қала береді.
