Қазақстандықтардың атынан заңсыз рәсімделген несиелер сотсыз кешіріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтар рәсімдеген несиені қалай есептен шығару керек екенін түсіндірді.
Егер несие азаматтың келісімінсіз, оның биометриялық деректерінсіз рәсімделсе, қарыз сотқа жүгінбей-ақ кешіріледі. Ол үшін азамат құқық қорғау органдарына өтініш беруі керек. Тергеу нәтижесінде несие алаяқтық жолмен алынғаны дәлелденсе, банк сол негізде қарызды есептен шығарады.
Кейінгі екі жылда банктер 1,4 мың адамның 1,9 миллиард теңге көлеміндегі несиесін сотсыз жойған.
Алайда кей жағдайларда биометрия қолданылғанымен, деректер қолдан жасалған болып шығады. Мұндайда алаяқтық тек сот арқылы дәлелденуі мүмкін.
