Қостанай облысында Қостанай — Әулиекөл — Сұрған автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.
Аймақта республикалық маңызы бар Қостанай — Әулиекөл — Сұрған жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына қарай кететін жолдың 3-8 км және 83-96 км аралығында жүргізілді. Сондай-ақ Новонежинка ауылынан Аманқарағай ауылына дейінгі жолда жөндеу жұмыстары өткізілді. Жөнделген жолдың жалпы ұзындығы 17 километрді құрады.
«Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолы стратегиялық маңызға ие: ол облыс орталығын елдің астанасына апаратын магистральмен байланыстырып, жүк және жолаушы тасымалының қозғалысын қамтамасыз етеді.
