Қазақстанда дәнді дақыл, көкөніс және майлы өсімдіктерден рекордтық өнім жиналды

Асель Қайратқызы 04 нояб. 2025 11:45

2025 жылы Қазақстанда қандай көлемде өнім жиналғанын ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Биыл 16 млн гектар жерден 27,1 млн тонна астық жиналды.

«12,2 млн гектар астық алқабынан (16,6 ц/га) 20,3 млн тонна бидай жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға көп. Сонымен қатар, бидай егістік алқабы диверсификация аясында шамамен 900 мың гектарға қысқарғанына қарамастан, өндіріс көлемі сақталып қана қоймай, айтарлықтай өсті, бұл агротехнологияларды қолданудың деңгейі артқанын тағы бір рет көрсетеді», – деді Сапаров үкімет отырысында.

Маусымда 4 млн тонна арпа жиналды, көлемі өткен жылмен бірдей болды. Бұршақ дақылдарының өнімін алғаш рет 1 млн тоннаға жетті. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, биыл майлы дақылдардан рекордтық өнім – 4,3 млн тонна жиналды. Майлы дақылдарды жинау әлі аяқталған жоқ. Сонымен қатар, аграрлық сала мамандары жинаған өнімдер:

  • 2,9 млн тонна картоп;
  • 3,8 млн тонна көкөніс;
  • 2,6 млн тонна бақша дақылдары;
  • 428 мың тонна шикі мақта, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 42%-ға көп.

Рекомендовать
Последние новости